«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 308 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21494 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) - төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: